Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ПД ансамблі онлайн-концерт өткізді

Алматы қалалық ПД ансамблінің әншілері қала тұрғындары үшін онлайн-концерт өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 мамырда Алматы қалалық Полиция департаментінің клубында полиция ансамблі солистерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 75 жылдығына арналған онлайн-концерті өтті.

“Қазақстан Республикасының Отан қорғаушысы күні және Жеңіс күні қарсаңында Алматы полициясының басшылығы қала тұрғындарына онлайн режимінде көктемнің жылы концертін беру туралы шешім қабылдады. Карантинге қарамастан, біз қала тұрғындарымен мерекелік көңіл-күймен бөлістік. Концертті өздерін кәсіби музыкалық топ ретінде құрған қалалық полиция ансамблінің әншілері орындады.
Біздің әншілер – халықаралық фестивальдердің, халықаралық байқаулардың лауреаттары, қала тұрғындары үшін онлайн түрде жылдардың әйгілі әндерінің 14 шығармасын орындады”, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Абдуали Нашарбеков.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру