Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

М. Диденко: “Жыладық, күлдік, тірі қалғанымызға қуандық”

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Polisia.kz редакциясы назардан тыс қалдырмайды.

Біздің кейіпкеріміз соғыста бөлімше командирі қызметін атқарған ардагер – ақтөбелік Михаил Диденко. М.Диденко 1926 жылы 27 наурызда Қостанай облысы Семиозер ауданы Семиозер ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қараша айында 17 жасында Қызыл әскер қатарына шақырылды. Алдымен оны полк мектебіне Ирбит қаласына жібереді. 1943 жылдың қарашасынан 1944 жылдың мамырына дейін-оқу батальонының курсанты болған. 1944 жылдың мамыр айынан 1945 жылдың қарашасына дейін 3-Белорус майданының 31-пулемет батальонының бөлімше командирі болған.

Бірінші жауынгерлік жолын Белоруссияда Минск облысы Пуховиялық ауданының Звад ауылында бастады. Жүздеген километрді жас жауынгер 3-Белорус майданының қатарында Вильнюс, Каунас, Пиллау, Пуховичи қалаларын азат үшін соғыстың ауыр жолдарымен жүріп өтті.

Кенингсбергті алу үшін шайқастарға қатысқан, 1945 жылдың 10 сәуірінде қаланы алғаннан кейін дәрігердің төсекке таңылғаны белгілі болды. Содан Пиллау портында жеңісті қарсы алды. 

“Жыладық, күлдік, тірі қалғанымыз үшін қуанышымыз шексіз болды. Басымыздан өткергеніміз романтика емес, бүкіл халық үшін қорқынышты жауыз соғыс болды, өлгендер және жараланғандар көп болды“, – деп еске алады М. Диденко.

М. Диденконың жауынгерлік өмірінде қуанышты күн де болды – Вильнюсте майданда ол туған ағасын Викторды кездестерді, ағасы туралы туған туыстары бұрыннан хабар алмаған, айқас алдында қысқа кездесу оларға соғыстан кейін айырылмайтынына, олардың тату және бақытты өмір сүретініне сенім ұялатты.

Алда Шығыс Пруссия елі болды. Оның жолында нығыздалған плацдармалар, доттар  және етоттар қысымындағы сым қоршаулар болды, бірақ соған қарамастан Шығыс Пруссияға кірді. Гумбиннен және Истенбург қалаларын алды. 1945 жылдың 10 мамырында Диденко соғысын аяқтап, 1949 жылдың ортасында әскерден оралды.

Қызыл Жұлдыз ордені ,жауынгерлік еңбегі үшін жәнеГерманияны жеңгені үшін” медальдарына ие болды.

Бейбіт уақытта, 1950 жылы Ішкі істер органдарында Қостанай облысының аудандық милиция бөлімінің жедел уәкілі қызметін бастады. 1954 жылы КСРО МҚК Ташкент бір жылдық мектебін үздік бітіріп, Ақтөбе облысының Ішкі істер органдарына жіберілді. Онда Ақтөбе станциясының желілік милиция бөлімі басшысының орынбасары болып, содан кейін Ақтөбе қаласының милиция бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Еңбексүйгіштік, адалдық және ынтасы жаңа кәсіби биіктерге жетудегі оның басты қасиетіне айналды. 1983 жылы Ақтөбе облысының ІІБ ОБХСС атқару комитетінің басшысы қызметінен босатылды. Ішкі істер органдарындағы қызмет кезінде “Құрмет Белгісі” орденімен, “Милиция үздігі” төс белгісімен және басқа да марапаттарға ие болды.

Бүгін Михаил Диденко жұбайымен бірге сүйікті балалары мен өсіп келе жатқан шөберелердің ортасында ұзақ әрі бақытты өмір сүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру