Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізушілер саны азаяр емес

Түркістан облысында екінші рет мас халде көлік басқарған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-нің полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасын жүргізуде. Шара барысында Жетісай қаласы көшелерінің бірінде қос тұтас сызықты кесіп, жүріп бара жатқан автокөлікті тоқтатады. Тексеру кезінде “Аudi-100” маркалы көлік иесінің мас халде екені сезік тудырды. Полицейлер осы жайтты нақтылау үшін медициналық сараптама тағайындады. Куәландыру қорытындысына сәйкес күдікті азаматтың “орта” дәрежелі масаң күйі анықталды. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 
Сонымен қатар бұдан алдын осындай жайтпен ҚР ҚК-нің 346-бабы негізінде Мақтаарал сотының қаулысына сәйкес бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылғаны анықталды. Оған қарамастан тағыда руль тізгіндеген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті азаматтың бас шарасы келу туралы міндеттеме.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесінорындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру