Мәжіліс депутаты атыраулық полицейлермен кездесті
Мәжіліс депутаты атыраулық полицейлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Ақ жол демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облысы Полиция департаменті бастығы Нұрхат Оразбаевтың төрағалығымен кездесу өткізді.
Жиынға Ақ жол демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ермекқали Юсупов және Атырау облысы Полиция департаментінің басшы құрамы және БАҚ өкілдері қатысты.
Полиция департаментінің жеке құрамымен кездескен Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында атқарылатын қызметтің маңызды екенін және осы қызметтерін мінсіз атқарып жүрген полицейлерге рақмет айтатынын жеткізді. Ішкі істер органдары туралы заң жобасының қаралып жатқанын тілге тиек етіп, жауапкершілігі мол жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, іссапар аясында Қаңтар оқиғасы кезінде түрлі дене жарақаттарын алған полицейлермен де кездесу жоспары барын атап өтті.