Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды

Ақтөбеде қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде қойдың ысталған құйрық майының ішіне тамақ үлдіріне (пищевая пленка) орап, мұқият жасырылған шағын ұялы телефонды және 2 sim-картаны тәркіледі.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жастағы Е. В. есімді азаматша “қарақшылық” бабымен сотталған інісіне жеткізбек болған.

– Азаматша Е. В. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791, 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру