Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мектепке жол» акциясы ШҚО-да өткізілуде

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Аталған акция аясында Үржар аудандық №2 пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Дидар Баженов және Үржар ауданы бойынша еріктілер тобының мүшесі Таупих Жанерке, сонымен қатар  «Нугманов К.Т.» ШҚ басшысы жеке кәсіпкер Қалихан Нуғымановпен бірлесіп пробациялық есепте тұрған сотталған азамат Қ.Қасенов және ауыл тұрғыны Дүкеновтар отбасын мектепке қажетті оқу – құралдарымен қамтамасыз етті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «eріктілер жылы» деп атауының тектен тек емес екені барлығымызға айкындала түскендей. «Көп түкірсе – көл дегендей» ауыр жүкті жұмыла көтерудің  тағы бір дәлелі осы «Мектепке жол» акциясы.  Мұндай акциялар жағдайы төмен оқушылар үшін үлкен көмек, олардың білім алуына деген ынтасын арттыратыны сөзсіз. Акция барысында  дұрыс бағыт – бағдар берген Үржар аудандық №2 пробация қызметінің қызметкерлеріне алғысым шексіз, – дейді Үржар ауданы бойынша еріктілер тобының мүшесі Ж.Таупих.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Үржар аудандық №2 пробация қызметі Үржар ауданы бойынша еріктілер тобымен бірлесіп наурыз айынан бастап «Biz Birgemiz» қайырымдылық қоры карантиндік режим кезінде тұрмысы төмен Мақаншы ауылының 20-дан астам отбасына көмек көрсеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру