«Мемлекет тарапынан көмек беремін»: шымкенттік алаяқ тұрғынды 110 мың теңгесіз қалдырды
Шымкенттік алаяқ мемлекет тарапынан көмек беремін деп тұрғынды 110 мың теңгесіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 4 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел бизнес бастауға мемлекет тарапынан ақшалай көмекке берілетін бағдарлама бойынша 583 мың теңге түсіріп беремін деп оның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 110 мың теңге ақшасын иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шарасы барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған әйелдің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.