Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының 37 тұрғыны армениялық көліктерін тіркеуге қойған

Алматы облысының 37 тұрғыны армениялық көліктерін тіркеуге қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы Полиция департаментінің әкімшілік полициясының ақпаратына сәйкес, 2021 жылы 37 тұрғын Армения елінен әкелінген көліктерін мемлекеттік тіркеуге қойған. Шетелдік көліктерді заңдастырудың бірегей мүмкіндігін еліміздің көптеген азаматы пайдаланған.
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 ақпандағы қаулысына сәйкес елімізге Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге қою мерзімі 2022 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімге ұзартылды. Шетелдік тіркеудегі көлігі бар тұрғындардан осы мүмкіндікті жібермей, тіркеуге тезірек қоюға шақырамын, – деді Алматы облысы ПД ӘПБ Процессинг орталығының аға инспекторы Ержан Жантілеуов .
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтыр ҚР Үкіметі Армения елінен әкелінген көліктерді тіркеуге қою тәртібі мен мерзімін бекіткен болатын. Дегенмен жаһанды жайлаған коронавирус індетіне, мемлекеттік шекаралардың жабылуына, көліктерді сынақтан өткізу мекемелердің жұмысындағы өзгерістерге байланысты уақытша тіркеуге қою уақытына өзгертулер енгізіліп, ұзартылған болатын.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру