Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арқалық тұрғындары бір түн ішінде 2 көлікті ұрламақ болды

Арқалық тұрғындары бір түн ішінде екі көлікті ұрлауға тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Көлік ұрлаушыларды ұстау видеосын Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі көрсетті.

Арқалық қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан алғашқы қоңырау ағымдағы жылдың 29 шілдеде сағат 03:00-де келіп түсті. Ер адам Горбачев көшесі 45 үйдің ауласынан Audi маркалы автокөлігі жоғалып кеткенін хабарлады. Өтініш беруші келген патрульдік полиция қызметкерлеріне кілтті тұтану қамалында ұмытып кеткенін түсіндірді.

Полиция қызметкерлері Бейсен Таурбаев пен Дюсембай Сабитбеков жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Бірнеше минуттан кейін көлік көрші аулада табылды, бірақ ақаулы күйде.

Түнгі сағат 03:48-де полицияға тағы бір өтініш түседі. Бұл жолы қаскүнемдердің қолында Lada 21713 маркалы автокөлігі түсті. Көліктің иесі Горбачев көшесіндегі 34 үйдің ауласында автокөлігін қалдырды. Автокөлік иесінің айтуынша, ұрлыққа есіктің әйнегі соңына дейін жабылмағандығы себеп болуы мүмкін.

Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары жол бойында Priora автокөлігін байқады. Полицейлерді көрген қарақшылар қаша бастады, бірақ оларды полиция қызметкерлері тез арада тоқтатты.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігімен тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 18-24 жастағы үш күдікті кінәсін мойындады.

Автокөлік иелері жедел жұмысы үшін полицейлерге алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру