Мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша онлайн – оқыту жүргізіліп жатыр
Алғаш рет Шығыс – Қазақстан облысының пробация қызметінің қызметкерлерімен Қазақстандағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды дамыту мақсатында халыққа қызмет көрсету орталықтарында сандық Мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша онлайн – оқыту жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметінің қызметкерлері «Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының волонтерлері» жобасына қатысуға өтінімдер жіберіп іріктеуден өттті. Бұл оқыту үш күнге созылады және ол «Zoom» арқылы өткізілуде. Оқуды аяқтағаннан кейін оқудан өткені туралы сертификат беріледі.
Енді пробация қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі eGov порталы арқылы есептегі адамдарға және тұрғындарға кедергісіз және тиімді мемлекеттік қызметтерді көмек көрсете алады.
Осы бағытта қазіргі уақытта облыс бойынша 24 пробация қызметкерлері онлайн түсіндіру жұмыстарын меңгеріп жатыр.