Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мереке күндері полиция Ақмола облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Мереке күндері Ақмола облысының тұрғындары мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция қызметкері жұмылдырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары концерттік алаңдарда, саябақтарда, демалыс орындарында және азаматтар көп жиналатын өзге де қоғамдық орындарда күшейтілген режимде қызмет атқарды. Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көмекке мұқтаж азаматтарға дер кезінде қолдау көрсету болды.

Облыс аумағында барлығы 150-ге жуық мәдени, спорттық және мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

– Әрбір іс-шара алдында жедел ахуал жан-жақты бағаланып, ықтимал тәуекелдер ескерілді. Осыған сәйкес қажетті күштер мен құралдар айқындалып, полиция жасақтары қатысушылар санына, олардың қозғалыс бағыттары мен іс-шара өтетін орындардың ерекшеліктеріне қарай орналастырылды. Адамдар көп шоғырланатын аумақтарға ерекше көңіл бөлініп, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтарға жедел көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды, – деп мәлімдеді полиция.

Қабылданған кешенді қауіпсіздік шараларының нәтижесінде өңірдегі барлық мерекелік іс-шаралар қоғамдық тәртіптің бұзылуынсыз және төтенше жағдайларсыз өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру