Мереке қарсаңында пробация есебінде тұрған азаматтарға көмек көрсетілді
Бүгін Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастамасымен «Жаңа жыл» мерекесіне орай пробация есебіндегі азаматтар жомарттық жасап, бір – біріне көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация есебінде тұрған жомарт азаматтар есепте тұрған тұрмыс жағдай төмен отбасыларға көмек көрсетті. Пробация қызметкерлері көпбалалы Е. және Г. есімді азаматшалардың үйіне барып, азық- түліктер табыс етті. Көмек алған отбасылар мереке қарсаңында жомарттық жасаған азаматтарға алғыстарын айтын ризашылықтарын білдірді.
« Жыл басынан есепте тұратын азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен бірлесіп өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргіздік. Ағымдағы жылдың он екі айында Қызылорда қалалық пробация қызметінен 1100 сотталған өткен. Қазіргі таңда 680 сотталған есепте тұр. Жыл басынан 539 азаматқа психологиялық көмек көрсетілсе, 1503 азаматқа әлеуметтік – құқықтық көмек, 13 азамат жұмыспен қамтылды. 697 азаматқа өзге де көмек түрлері көрсетілді. Бүгінгі шарада пробация есебіндегі азаматтардың көмегімен 2 көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады»- деді Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет полковнигі Қараман Жәмиұлы.