Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД жедел кезекшісі Максим Чернявский: «Мереке күндері тыныш өтсе, біз де оған қуанамыз…»

Жаңажылдық түнде облыстың бас кезекші-полицейі полиция подполковнигі Максим Чернявский болады.

31 желтоқсанда таңғы сағат 8-де «зардап шеккен ауысым» деп қалжыңды түрде аталып кеткен тәуліктік кезекшілік басталады. Полиция подполковнигі Максим Чернявский жұмыстан тыс кезеңде қызмет атқаруға үйренген. Жеке уақытымен санаспай жұмыс істеу оған 2002 жылы учаскелік полиция инспекторы болып қызметін бастаған сәттен бері таныс. Ал осы жылы Максим мерекелік курантты алғаш рет СҚО ПД Штабының жедел кезекшісі лауазымында жұмыс орнында еститін болады.
Ол Жедел бақылау орталығының барлық кезекшілерімен бірге бейне бақылау камералары арқылы көшелердегі тәртіпті бақылап, аудандардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдайды, басшылық пен ІІМ-ге, сондай-ақ барлық мүдделі қызметтерге оқиғалар туралы хабар беріп, жедел-тергеу топтарының уақтылы ден қоюын қадағалайды және бөліністердің қызметін үйлестіреді.
Кезекшіліктегі Максимді және оның әріптестерін алғашқылардың бірі болып басшылығы құттықтайды. Ол кезекшілігін 1 қаңтар күні сағат 8-де тапсырып, үйінде тағатсыздана күтіп отырған жұбайы Оксана мен бір жарым жастағы ұлы Георгийге асығады.

«СҚО-да жаңажылдық мереке күндері айтарлықтай тыныш өтеді. Көп жағдайда тұрмыстық жанжалдар, төбелестер қаңтардың алғашқы күндерінде орын алып жатады… Ал қазір адамдар санаулы сағаттардан келетін Жаңа жылға дайындалуда және кезекші бөлімде әзірше тыныш. Жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді, көшелерде мыңдаған адам жүр, жағдайды үнемі бақылауда ұстау қажет» – деді Максим.

Жаңа жылда полиция қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшеді. Петропавл қ. ПБ қызметкерлерінің үштен біріне жуығы жұмыс орындарында болады. Қаланың бас алаңында тәулік бойы Петропавл қ. патрульдік полиция батальонының модулі жұмыс істейтін болады, концерттік бағдарлама кезінде СҚО Полиция департаменті ЖҚАЖ қызметкерлері және жаяу жасақтар тартылады.
Максим Чернявский барлығына қызметте қырағы болуды тілейді: «Мерекені тыныш қарсы алған адамдардың қуанышы, бізге де атқарған парызымыздан қуаныш сыйлады. Ал барлық солтүстікқазақстандықтарға және меймандарға Жаңа жылды бізді естеріне алмай, оқыс оқиғасыз қарсы алуды тілеймін…»

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру