Мотоциклмен киік қуып, полицейлердің қолына түсті
Атырау полицейлері Құрманғазы ауданы Егінқұдық ауылы тұрғынының далалықта мотокөлігімен киікті қуып құлатқанын анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында, күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан киік еттері, мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді.
Осы дерек бойынша ҚК 339-бабымен "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу"
сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
- Ішкі істер министрлігі Алқасының шешімінің басты талаптарының бірі - браконьерлікке, соның ішінде ұйымдасқан нысандарына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады, - деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы Камза Үмбетқалиев.