Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мұнай компаниясына жұмысқа кірмек болған ақтөбелік 1 млн теңгесінен айырылды

Мұнай компаниясына жұмысқа кірмек болған ақтөбелік 1 млн-ға жуық теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз айында 48 жастағы ақтөбелік өзіне қолайлы жұмыс іздеген. Туысы оны бейтаныс адаммен таныстырған. Ол жұмыс іздеген ақтөбелікке мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналасуға көмектесетінін айтып, өз қызметі үшін қомақты ақша сұраған.

Онша таныс емес жұмысшымен Ақтөбе қаласындағы көшелердің бірінде кездескен жігіт өзін жұмысқа орналастыратына сеніп, оған 2 мың АҚШ долларын қолма-қол берген. Алайда жарты жылға жуық уақыт бойы уәде етілген мұнай компаниясына жұмысқа шақырту алмаған, әрі бір миллионға жуық ақшасын да қайтарып ала алмаған ақтөбелік жігіт қараша айында полицияға арызданды. Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері 39 жастағы күдіктіні анықтады.

Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру