Мұқтаж жандар үшін қан тапсырды
«Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Донор апталығы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция мақсаты – аймақтағы науқас балаларды емдеуге қажетті көмек көрсету. Мұндай іс – шараны қылмыстық – атқару қызметкерлері жыл сайын өткізеді.
Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің 100-ге жуық қызметкері ерікті түрде қан тапсырамыз деп шешті. Қызметкерлеріне үлгі болу мақсатында мекеме басшылары қан тапсыру үшін емдеу бөлмесіне алғашқы болып келді. Мекеме басшысы, әділет подполковнигі Жүсіпов Қанат Құмарқанұлы қан тапсырды. Осылайша қан компоненттерін құюды қажет ететін жандарға жақсылық сыйлады.
«Мейірімділік – рухани қасиет, адами мінез-құлық. Мейірімді болып оған ақы сұраудың қажеті жоқ. Жақсылықты міндетсінбейміз. Мұндай шаралар арқылы өмірге деген көзқарас өзгереді. Бүгін біздің команда қан тапсыруға шешім қабылдадық. Осылайша қан құюды қажет ететін науқастарға өмір сүруге мүмкіндік бердік », – деді Қанат Жүсіпов