Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу, жемқорлық әрекеттерге бой алдырмау» мәселелері талқыланды

Ішкі істер органдарының 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында 23 қаңтарда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу, жемқорлық әрекеттерге бой алдырмау» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бахытжан Мақсұтұлы, ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Нәкенов Мұрат Сабырұлының және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Кез келген дамыған қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бірден-бір күрделі және маңызды мәселе.
Қызметкерлердің өздеріне жүктелген қиын да жауапкершілігі мол қызметтерін адал атқаратынын, сыбайлас жемқорлық тақырыбында сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіліп тұратынын жеткізді.

Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бахытжан Мақсұтұлы Заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жеке құрам арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар, оның ішінде
сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар, сондай-ақ төтенше оқиғалар саны өсуінің жалғасып жатқанын атап өтті. Одан соң мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Тлеумұратов Руслан Қуандықұлы баяндама жасады. Ол өз
баяндамасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу тұрғысында жеке құраммен өткізілген шараларға тоқталып, алдағы өткізілетін міндеттерді атап өтті.

Кездесу соңында жиынға қатысушылардың назарына қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып, пара алып ұсталған шенеуніктерге қатысты түсірілген видео материалдар ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру