Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтыққа күдікті ұсталды

Көкшетаулық полицейлер қала тұрғынан 3 миллион теңге көлемінде ақша алып, алдап кеткен күдіктіні ұстады,- деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қаңтарда Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне 59 жастағы тұрғыннан өтініш түсті.
Жергілікті тұрғыннан “Р” есімді белгісіз ер адам өткен жылдың тамыз айында алдау жолымен жер учаскесін рәсімдеу үшін төлем ретінде 3 миллион теңге ақша алған.

Белгілі болғандай 3 жыл бұрын тұрғын алаяқпен бір банк мекемесінде танысқан. 2019 жылдың жаз мезгілінде “Р” есімді белгісіз ер адам жер участкілерін сатумен айналысатынын айтып, оған Наурызбай батыр көшесі бойынан тиімді соммаға жер алып беретіндігін айтқан.

Ол үшін шот ашу керек болған.
Сатып алушының атына шот ашып және оған 2 млн. 400 мың теңге мөлшерінде ақша салу керектігі ескертіліпті. “Р” есімді белгісіз ер адам шотын ашуға көмектесіп,жер учаскесінің құжаттары дайын болғаннан соң хабарласатынын айтады.

21 қаңтарда 59 жастағы ер адам оның 600 мың теңгеге шағын несие беру ұйымдарында мерзімін өткізіп алғаны туралы хабарлама алған. Зардап шеккен адам банкке келіп, жер учаскесін ресімдеу үшін шот ашылғандығын, алайда оған есепшотында ақша жоқ екенін хабарлады. Істің мән-жайын түсінбей, ер адам полициядан көмек сұраған.

Көкшетау қ. ІІБ полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, полиция қызметкерлері 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ер адам өз кінәсін мойындап, Көкшетау қаласының УП УҰИ-на қамауға алынды.

Оның айтуынша, жәбірленушінің сеніміне кіріп,
оның шотына интернет жүйесі арқылы қол жеткізген, барлық ақша банктік карталарға аударылып, қажетіне жаратқан.

Тәртіп сақшылары облыс азаматтарын аса қырағы болуды және ақшаларын немесе құжаттарын бейтаныс адамдарға бермеуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру