Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметкерлері #Бізбіргеміз челленджін қолдады

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Павлодар қаласы және Павлодар ауданы пробация қызметінің қызметкерлері қар тазалау бойынша #Бізбіргеміз челленджіне қатысты. Соңғы күндері ауа-райының күрт төмендеуіне байланысты Павлодар қаласында да қар толассыз жауған болатын.Бұл жаяу жүргіншілер жолын қиындатты. Осыған байланысты, Павлодар қаласы пробация мекемесінің қызметкерлері челленджге қатысып, Лермонтов көшесі бойынша Павлодар қаласы пробация қызметі ғимаратының іргелес аумағында қарды алып тастауға кірісіп кетті. Қар тазалауға тек қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар пробациядағы есепте тұрған сотталғандар да қатысты.

Пробация қызметінің инспекторлары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және сот бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындаған адамдарға бақылау жүргізеді. Қала пробация қызметінде 20-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Павлодар қаласының пробация қызметінде 963 адам есепте тұр.

Естеріңізге сала кетейік, #БізБіргеміз челленджін танымал әртіс Тұрсынбек Қабатов бастаған болатын. Қазақстан Республикасының Президенті әртістің бастамасын қолдап, бұл ” волонтерлар жылына орынды бастама» деді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру