Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтарға «алданған» қарағандылықтың айласы іске аспады

Несие-алаяқтары туралы естіген қарағандылық, полицияға алданып қалғанын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуірде Балқаш қаласының полиция бөліміне 19 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жігіт өз арызында белгісіз біреу оған қаңтар-сәуір айлары аралығында 261 мың теңге көлемінде онлайн-несие рәсімдегенін айтқан.

Өтінішті қабылдаған полиция қызметкерлері жәбірленушінің несие туралы нақты ақпарат бергеніне таң қалды. Алдымен оның хабардар болуын, коллекторлар оған хабарлағанымен байланыстырды. Алайда банк бөлімшесіне қоңырау шалған жедел уәкілдер мүлдем басқа ақпарат алды.

Жігіт ұялы телефонының нөмірін көрсете отырып, өзі несие рәсімдеген.

Кейін тексеріс барысында жәбірленуші әлеуметтік желілерде несие беру саласындағы алаяқтарды көріп, оқығаннан кейін өзінің несиенін өтемеуге болады деп осындай айла ойластырғанын мойындады. Ол осындай жолмен несиені қайтармай қоюға болады деп ойлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру