Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жолаушы жүк көлігінен ақша ұрлап кетті

Қарағанды облысында жолаушы жүк көлігінен ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуірде Приозерск полиция бөліміне Қарқаралы ауданының 32 жастағы тұрғыны жүгінді. Ер адам өзінің жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейтінін және 14 сәуірде белгісіз ер адам жолдан қосылып, бірге жол жүргенін түсіндірді. Жолаушы түсер кезінде жүргізушінің күртесінен 100 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен.

Көрсетілген мекен-жайға келген жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол Алматы облысының 57 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті алты жыл бойына Атырау қаласында алаяқтық әрекеттері үшін іздеуде болған болып шықты.

Ұсталған күдікті көлік жүргізушісінің ақшасын білдіртпей алып, жолда түсіп қалған.

Бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Күдікті тергеу изоляторының камерасына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру