Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны көшеде шприцпен жүрген

Семей тұрғыны көшеде шприцпен жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орталық полиция бөліміне Семейде қала тұрғынының бірі есірткі заттарын заңсыз сақтаумен және тұтынумен айналысуы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен 26 жастағы ер адамды ұстады, оны жеке тінту барысында күртешесінің ішкі сол жақ қалтасынан ерекше иісі бар қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц табылып алынды.

Сараптамаға сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 0,0267 грамм болатын экстракциялық опий болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру