Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“102” мобильді қосымшасы арқылы Арыста той тоқтатылды

“102” мобильді қосымшасы арқылы Арыста той тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдан бастап Ішкі істер министрлігінің бастамасымен “102” мобильдік қосымшасы ел аумағында іске қосылуда. Оның көмегімен тұрғындар кез келген құқық бұзушылық бойынша тәртіп сақшыларына шұғыл түрде хабар бере алады. “102” мобильдік қосымшасы арқылы Арыс АПБ хабарласқан жергілікті тұрғын, мейрамхананың бірінде карантин кезінде той өтіп жатқандығын айтып хабар берген. Оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция инспекторы мейрамханада көп адамның жиналғандығын анықтады.

Карантин кезінде құзырлы мекемелердің ескертуіне құлақ аспай той жасаған тойхана иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында аудандық СЭББ-ге жолданды.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.

Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру