Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Несие алып беремін”: Атырауда әлеуметтік желіде жалған жарнамаларды жариялаған күдікті ұсталды

Атырауда әлеуметтік желіде несие алып беремін деп жалған жарнамаларды жариялаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының 41 жастағы тұрғыны ДругВокруг әлеуметтік желісінде несие алып беруге көмектесемін деген жарнаманы көріп, қызығушылық танытқан. Жәбірленушіні белгісіз адам сендіріп, өзінің жеке есепшотына абоненттік нөмірі арқылы 251 мың теңге қаражатын аудартып алған. Кейін әйел өзінің алданғанын түсініп, дереу полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары ақпараттық жүйе арқылы алаяқтықпен айналысып келген күдіктіні ұстады.

33 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалды толық қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру