Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде жылдың қорытындысы шығарылды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде кеңес өтті, онда департаменттің және оның бөлімшелерінің 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеңесті департамент бастығы Дәулет Рақымбеков ашты.
– Министр кеңейтілген алқа отырысында Қылмыстық-атқару жүйесі үшін нақты міндеттер қойды. Біз олардың орындалуын қамтамасыз етуіміз керек, – деді ол жеке құрамға.
Негізгі баяндамалармен ҚАЖД бастығының орынбасарлары сөз сөйледі, мекеме бастықтарының есептері тыңдалды.
Кеңесте ведомстволық бағынысты мекемелердегі құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру, қазіргі заманғы бейнебақылау жүйесін енгізу, “Еңбек” РМК-мен бірлесіп, сотталғандарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, оның ішінде тігін өндірісін кеңейту жолымен, пробация қызметінің есебінде тұрғандар арасында қайталама қылмыстарға жол бермеу, бірлескен міндеттерді іске асыру бойынша басқа құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау, “еститін мемлекет” тұжырымдамасын іске асыруда БАҚ пен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін, кадр құрамын жинақтау және тәрбиелеу, сондай-ақ “ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” ҚР Заңын іске асыру және қызметкерлер мен арнайы контингенттің ревакцинациясы.Сондай-ақ, жеке құрамға осы жылы қабылданған және алдағы уақытта ҚР ІІМ қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін жақсарту бойынша жоспарланған шаралар жеткізілді.
– 2021 жылы департаменттің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол берілген жоқ, осы бағытта біз әрі қарай жүруіміз керек. Қол астындағыларды, олардың қызмет пен күнделікті өмірдегі мінез-құлқын бақылаңыз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік, қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексінің нормаларын сақтамау туралы әңгіме жүргізіңіз, – деп атап өтті департамент бастығы.
Кеңесті қорытындылай келе, Д.Рақымбеков департамент аппараты мен аумақтық бөлімшелер басшылары тарапынан аса назар аударуды талап ететін алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі, сондай-ақ мереке күндері қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасы бойынша нақты тапсырмалар берді.