Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары лауазымына әділет полковнигі Мейрам Жұмкенұлы Абикеев тағайындалды.

Мейрам Жұмкенұлы құқық қорғау органдарында 1989 жылдан бастап Қарағанды қаласының ІІБ Киров ауданының ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастаған. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/5 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру