Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД «Менің туған жерім» сурет байқауын ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД «Менің туған жерім» сурет байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті EЦ-166/10 мекемесінің ерікті психологтары Г.Калкеновна және Г.Каликованың бастауымен сотталғандар арасында «Менiң туған жерім» атты конкурс өткiзiлдi.

Бұл конкурстың мақсаты – сотталғандардың әлеуметтік-психологиялық білімін арттыру және туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілігiн ояту.

Туған жер – әрбір адам баласы үшін оның өткені мен және болашағы мен байланыстыратын киелі мекен екенін ұғындыру. Конкурсын өткізу барысында мекемеде әр жасақтан 3-4 адамнан қатысты. Байқауға қатысқан сотталғандар «Менiң туған жерім» атты тақырып бойынша өз қолдарымен салынған суреттерін әділ-қазы алқасына ұсынып мән мағынасын баяндап ашып берді.

Iс-шара соңында ең үздік деп танылған туындыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар үйлестірiлдi.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру