Нұр-Сұлтанда дүкеннен бірқатар ұрлық жасаған ер адам ұсталды
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлықтың бірнеше эпизодына қатысы бар 27 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында қаскүнем сағат 20.00 шамасында Қалдаяқов көшесіндегі супермаркетке кіріп, 20 бөтелке «Jameson» маркалы вискиін жасырын ұрлағаны анықталды. Белгілі болғандай, ер адам жанында ешкім жоқ екенін пайдаланып, алкоголь өнімдерін рюкзагына салып, супермаркеттен шығып кеткен.
Сонымен қатар күдікті осыған ұқсас тәсілмен Байтұрсынов көшесіндегі супермаркеттен де 9 дана виски ұрлаған.
Қазіргі уақытта ол осындай ұрлықтың 9 эпизодында күдіктелуде. Ұрланған мүлікті қаскүнем үшінші тұлғаларға сатқан.
Аталған фактіге байланысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.