Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөліктен 50 мың теңге салынған әмиян ұрлаған елордалық ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің “Алматы” аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған 34 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, оның автокөлігінің салонынан белгісіз біреу 50 мың теңге салынған әмиянын ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті кешкі уақытта Қаныш Сәтпаев көшесінің бойында жүріп келе жатып, автокөліктің иесі “5 минут” супермаркетіне кіріп кеткен сәтін пайдаланып, салоннан еркін қол жеткізу арқылы 50 мың теңге қаражаты бар әмиянын жасырын ұрлап кеткен.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша іс қозғалды. Ұсталған өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру