Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ЖҚЕ бұзудың 2 мыңнан астам дерегі анықталды

Алматы жолдарында “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі ЖҚЕ бұзудың 2 мыңнан астам дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПД-ның хабарлауынша, “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” дерекқорына жалған мемлекеттік нөмірлері және шетелде тіркелген МТНБ бар, сақтандыру полисінсіз жүрген көліктер туралы мәліметтерді енгізу бойынша күнделікті жұмыстар жүргізілуде.

– Екі тәулікте патрульдік полиция экипаждары көрсетілген автоматтандырылған жүйені пайдалана отырып, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан 30 жүргізушіні, мемлекеттік нөмірі жоқ – 12, сақтандыру полисі жоқ – 26 жүргізуші, міндетті техникалық байқауы жоқ 27 жүргізуші ұсталды, тағы 38-іне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін төлемеген айыппұлдарын төлеу туралы хабарлама берілді. Осы ретте, мақсатты шараларды жүргізу кезеңінде инспекторлар, жүргізушілерінің айыппұл бойынша ірі көлемде қарызы бар шетелдік тіркеудегі үш автокөлікті ұстағанын хабарлаймыз. Мәселе мына соммалар туралы болып отыр: 1 013 853 теңге, 741 246 теңге және 649 356 теңге. Бұл көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Бөлімшенің хабарлауынша, қалада жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру