Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ер адам компьютерлік клубтың тіркеу орнынан телефон ұрлады

Полицейлер ұрлыққа қатысы бар кезекті күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Жеңіс даңғылындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің қызметкері телефон ұрлығы туралы арызданған.

«Сарыарқа» аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады. 29 жастағы елордалықтың осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталғаны анықталды.

Ер адам ойын залында кассирлердің жұмыс орындарында ұйықтап жатқанын, ал олардың бірінің ұялы телефоны көзге көрінетін жерде тұрғанын байқаған. Содан күдікті жақындап келіп, алдымен оның іс-әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғына көз жеткізіп, кейін тіркеу орнынан құны 500 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап алып, бой тасалаған. Ол ұялы телефонды көшеде бейтаныс адамға сатып жіберген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру