Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда үйдің ауласынан шлагбаумның құрылғысын ұрлаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда үйдің ауласынан шлагбаумның құрылғысын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Жеңіс даңғылындағы “Скиф” тұрғын үй кешенінің тұрғындары ұрлық фактісі бойынша жүгінген. Үйдің сыртқы бейнебақылау камерасына белгісіз біреу шлагбауымның құрылғысын белгісіз бағытқа алып кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған.

“Сарыарқа” ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктіні ұстады. 31 жастағы ер адамның кешкі уақытта олжа табу үшін ұрлыққа барғаны анықталды.

Белгілі болғандай, тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатқан ұры “шлагбаумның” жатқан бөлігін байқап қалып, оны металл қабылдау пунктіне өткізу үшін алып кеткен. Ол өз іс-әрекетімен үй иелеріне 50 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Күдіктіге қатысты “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ер адам өз кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру