Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда есепте тұрған сотталған рақымшылыққа ілінді

Нұр-Сұлтанда есепте тұрған сотталған рақымшылыққа ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, өткен жылдың 7 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» №81-VII, ресми түрде жарияланған күнінен бастап, яғни өткен жылдың 8 желтоқсанында күшіне енген Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған заңның аясында, түзеу мекемелерінде, пробация қызметі есептерінде жазаларын өтеп жатқан бірқатар сотталғандар жазаларының өтелмеген негізгі бөлігінен босатылады немесе жазаларының өтелмеген негізгі бөлігі қысқартылады.

Осындай сотталғандардың бірі Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының ПҚ есебінде тұрған Ф. Ол «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2-бөлігі 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, жазасының өтелмеген бөлігінен, яғни жеті ай 12 күнінен босатылды.

Сотталған Ф. және оның анасы Алматы ауданының пробация қызметіне алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру