Нұр-Сұлтанда есепте тұрған сотталғандардың арасында шахматтан жарыс өтті
Нұр-Сұлтанда есепте тұрған сотталғандардың арасында шахматтан жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық пробация қызметі "Шанс" қоғамдық қорымен бірге есепте тұрған сотталғандардың арасында шахматтан жарыс өткізді.
Іс-шараның мақсаты - шахмат ойынын популизациялау, есепте тұрған азаматтардың бос уақытын ұйымдастыру. Өткізілген сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар есепте тұрған сотталғандардың физикалық, эмоционалды-психологиялық жай-күйіне оң әсер етеді.