Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда куәгерлер мас жүргізушіні ұстауға көмектесті

Нұр-Сұлтан қаласында «102» арнасына әйел адамның бардан шығып, «Тойота» маркалы автокөліктің тізгініне масаң күйде отырғаны туралы хабарлама келіп түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы әйелді полицейлер Уәлиханов және Иманов көшелерінің қиылысында ұстады. Әйел полиция қызметкерлерін көре салып, айғайлап жылай бастаған. Бірақ полицейлер мас жүргізушінің көз жасына мән бермей, медициналық куәландырудан өтуді ұсынған.

Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес жүргізуші автокөлікті жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде басқарған.

Әйел адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Әкімшілік соттың шешімімен жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруға тыйым салынғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру