Нұр-Сұлтанда «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық акциясы өтуде
Нұр-Сұлтанда «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық акциясы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың жол жүрісі қағидаларын білуіне көп көңіл бөледі. Жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларымен тұрақты түрде дәрістер, викториналар және тренингтер өткізіледі.
Ювеналды полиция қызметкерлері жас инспекторлар жасағымен бірлесіп іс-шара өткізді, оның барысында тәртіп сақшылары мектепке дейінгі ұйымдардың бүлдіршіндерін бағдаршаммен және жаяу жүргіншілер өткелімен таныстырды. Соңында балаларға жол қозғалысы ережелерін белсенді оқып, оларды сақтағаны үшін ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Полиция департаменті жол ережесін сақтауға және жолдарда абай болуға шақырады.