Нұр-Сұлтанда полицейлер интимдік қызмет көрсететін спа-салонды анықтады
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Есіл» ауданының аумағындағы спа-салонда интимдік қызмет көрсету бойынша заңсыз әрекет фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында салон қызметкерлерінің клиенттерге интимдік қызмет көрсеткені мәлім болды. 20-29 жас аралығындағы қыздар мен салон әкімшісі анықталды.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 12 азамат полицияға жеткізілді. Салонның заңсыз қызметі тоқтатылды.
Елордада 8 тамыздан бастап «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы бері учаскелік полиция инспекторлары 8 мыңнан астам тұрғын үй массивін, оның ішінде 2,5 мыңнан астам пәтерді, 1110 жеке үйді және 404 қараусыз қалған үйді аралап шықты. Сондай-ақ 6,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.