Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық аурухананың жанында есірткі жасырылған құпия орынды іздеген ер адам ұсталды  

Елордалық аурухананың жанында есірткі жасырылған құпия орынды іздеген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға аурухана маңайында күдікті ер адамның есірткі жасырылған құпия орынды іздеп жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

Оны қылмыс орнында ұстау үшін патрульдік және учаскелік инспекторлар ер адамды біраз бақылауға шешім қабылдады. Көп ұзамай азамат қоршаудың астынан құпия орынды тауып, есірткіні қазып алған. Полиция ұстап алғанда ол бәрін жоққа шығаруға тырысқан, алайда тексеру кезінде киімінің қалтасынан өсімдік тектес есірткі заты бар сіріңке қорапшасы және синтетикалық “мефедрон” препараты бар орама табылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру