Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда жүргізуші самокатта келе жатқан баланы қағып кетті

Нұр-Сұлтанда жүргізуші самокатта келе жатқан баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің ауласымен келе жатып, солға бұрылу кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, самокатта келе жатқан үш жасар баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан бастап қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 ЖКО тіркелді, қаза тапқандар жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру