Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талғарда екі көлік пен жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол апаты болды

7 қазан күні сағат 17:00 шамасында Талғар қаласының аумағында Audi және Reno автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соқтығысу салдарынан Audi автокөлігі инерция арқылы өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

Оқиғадан кейін жоғарыда аталған көліктердің жүргізушілері арасында жанжал туындап, оқиға орнына белгісіз адамдар келген. Текетірес барысында Audi жүргізушісі тіркелген газ тапаншасымен қолында спорттық битасы бар белгісіз адаммен ауызша жанжалға түскен.

Айта кету керек, оқиғаға қатысушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 293-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданында тіркелді.

Барлық қажетті тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулердің қорытындыларынан кейін процестік шешім қабылданатын болады.

Тергеу барысын облыстық Департамент басшылығы бақылауға алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру