Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының басшысы үздік ізкесушілерді марапаттады

Алматы полициясының басшысы үздік ізкесушілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-іздестіру бөлімінің құрылғанына биыл 104 жыл. Осыған орай ізкесу саласының үздік қызметкерлері ҚР ішкі істер Министрі Марат Ахметжановтың құқығымен медальдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

– Бұл, ең алдымен, сіздердің жемісті еңбектеріңіздің, Отанға деген жанқиярлық қызметтеріңіздің жемісі. Сіз өзіңіздің жеке уақытыңызға, үй шаруасына қарамастан, азаматтардың сенімін ақтай отырып, олардың тыныштығы мен қауіпсіздігін лайықты түрде қамтамасыз етіп отырсыздар. Сіздер өз мамандықтарыңыздың ең жақсы өкілісіздер. Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Қылмыстық-іздестіру қызметкерлерінің күні – Қазақстанның криминалдық полициясының кәсіби мерекесі. Оның қызметкерлері өмірге қауіп төндіретін қиын жағдайларда қылмысқа қарсы тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру