Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласына қатысты заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

Елордалық полицейлер террористік тұрғыда осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласына қатысты заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Медицина және білім беру мекемелерінің бірінші басшыларына терроризмге қарсы қорғалу саласындағы заңнама талаптары, оның ішінде «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы Заңына енгізілген өзгерістер жеткізілді. Мысал ретінде, енгізілген нормаларға сәйкес, ТТО объектілерінің иелеріне кемшіліктерді жою үшін берілетін мерзім бір жылға дейін ұзартылды.

Өз кезегінде, объектілердің иелері терроризмге қарсы қорғалуға қаражат қарастыруы, өз қызметкерлерімен оқу іс-шараларын ұйымдастыруы тиіс.
Елордалық департаменттің қызметкерлерімен жүйелі түрде мүдделі органдармен террористік тұрғыда осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы проблемалық мәселелер жөнінде жұмыс кездесуі өткізіледі.

Жыл басынан бері террористік тұрғыда осал кәсіпорындарға жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша түрлі санаттағы 11 объект ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеріс көрсеткендей, негізгі құқық бұзушылықтар нысандардың тиісінше инженерлік-техникалық нығайтылмауы, сонымен қатар, қызметкерлердің дағдарыс кезінде террористік қатер жағдайындағы әрекетке дайындығының төмен болуы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру