«Оңтүстік Кореядан арзан көлік алып беремін»: Шымкентте алаяқ ұсталды
Шымкентте «Оңтүстік Кореядан арзан көлік алып беремін» деп тұрғынды 1,5 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда өзінің Е.есімді танысы Оңтүстік Корея елінен арзан бағада автокөлік алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 1,5 млн теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін алған қаржысын кері қайтармай, қашып жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ер адамды анықтап, ұстады.
Тексеру жұмыстары жүргізілуде.