Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 9 маусым күні түнгі уақытта Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл ер адам 31 мамыр 2019 жылы үш жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.