Оқушылар онлайн байқауға қатысты
Қызылорда облысының ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы студенттер мен оқушылар арасында "Есірткісіз өмір - ғажайып!" тақырыбында онлайн байқау өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл басқармасының қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу тақырыбын үнемі көтеріп келеді. Бұл бағытта өткізілетін іс-шаралардың мақсаты - тыйым салынған заттардың денсаулыққа қаншалықты зиян екенін жастарға жеткізу болып табылады.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында студенттер мен оқушылар арасында өткізілген "Есірткісіз өмір - ғажайып!" тақырыбындағы онлайн бейнероликтер сайысына 23 үміткер қатысып, Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің оқушысы Айшолпан Маханбетжан бірінші орынды, Сырдария ауданының №139 орта мектебінің оқушысы Жансая Төлеген екінші орынды, Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің оқушысы Ильяс Камаламов үшінші орынды иеленді.
Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.