Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда

Петропавлдағы С.Садуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың басым бөлігі киімдеріне жарық шағылыстырғыш фликерлер тағып жүр. Бұл бастама "Қауіпсіздікке жарқын қадам" жобасы аясында полицейлердің ұсынысымен жүзеге асырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоба бойынша мектептің белсенді оқушылары мен ұстаздары ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Күзгі демалыстан кейінгі алғашқы оқу күнінде балалар сырт киімдеріне фликер жапсырып келді. Ата-аналар да тәртіп сақшыларының бастамасын қуана қолдады.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларынан 100-ден астам бала зардап шеккен, олардың шамамен әр төртіншісі – жаяу жүргінші. Сарапшылардың айтуынша, жарық шағылыстырғыш элементтер – жаяу жүргіншіні жолда қорғаудың қарапайым әрі тиімді тәсілі.

Полицейлердің мәліметінше, бұл – пилоттық жоба. С.Садуақасұлы атындағы №2 мектептің тәжірибесін "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында қаланың және облыстың басқа да оқу орындарында енгізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру