Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда түзету мекемесінде білім беру саласының қызметкерлері күні атап өтілді

Орал қаласында қатаң режимдегі түзету мекемесінде білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

“Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан” деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы.

Мерекені БҚО бойынша РУ-170/3 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бойынша бөлім бастығы Жангелді Насиболлаевич мен кешкі мектеп меңгерушісі Кайырболат Куанович құттықтап ашты. Кешке ардагер ұстаздар Бөкейхан Амарханұлы мен Мұхтар Мүтейұлы шақырылып, мектеп әкімшілігі және мекеме басшысы атынан сыйлықтар табысталды. Ардагер ұстаздар әсерлі ойларымен бөлісіп, гитарамен ән шырқады.

Мектеп оқушылары ұстаздарды мерекемен құттықтап, жыр шумақтарын арнады. Үздік өнер көрсеткен оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

-Ұстазға арналған мерекенің адамзаттың даму тарихында қашан да болса алар орны бөлек. Жүрек лүпілінен шыққан ұстазға деген құрметпен ізеттің жөні басқа, – деді мекеме басшысы Магнис Сабиров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру