Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралдық тұрғын ұрланған көлікпен жол апатына ұшырады

Оралдық полицейлер көлік ұрлаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны ұрланған көлікпен жол апатына ұшырады. Шығын 1 500 000 теңгені құрады.

Оқиға Сарытау шағынауданында болған. Белгісіз біреу түнгі уақытта 33 жастағы әйелдің BMW-318 автокөлігін ұрлап кетіп, кейін жол апатына түскен. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 29 жастағы ер адам болып шықты.

Сараптама қорытындысы бойынша күдікті қылмыс жасаған кезде мас күйде болмаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (Айдап әкету).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру