Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда патрульдік полицейлер бірнеше көлікті ұрлаған күдіктіні ұстады

Рудныйда патрульдік полицейлер бірнеше көлікті ұрлаған күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қарашада Рудный қаласында 102 пультіне ер адамның көпқабатты үйдің ауласында тұрған автокөліктердің әйнегін сындырып жатқаны туралы хабарлама келді.

Оқиға орнына құрамында Азамат Оспанов, Қайыржан Ғабдулин және Нұрбек Есқабыл бар жаяу патруль жедел жетті. Полиция қылмыстық құқық бұзушылық орын алған жерге жақын жерде бұрын сотталған 25 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті төрт автокөлікті зақымдап, Lifan Solano көлігінің қобдишасынан 18 мың теңге сомасындағы ақшаны ұрлап кеткен.

– Қаланы патрульдеу кезінде біз шақырту алып, бірден оқиға орнына қарай бет алдық. Белгілері бойынша ұқсас адам ұсталды. Оның өзімен бірге ұрланған ақша және бүлінген көлік салондарынан ұрлаған кейбір автокөлік акссесуарлары табылды. Одан әрі тексеру кезінде ұсталған адамның ұрлық жасағаны үшін іздеуде болғаны белгілі болды, – дейді патрульдік полиция қызметкері Қайыржан Ғабдулин

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Рудный қалалық Полиция басқармасы өткен айда ғана жаяу патрульдер 15-тен астам көшедегі қылмыстарды ашқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру