Астана тұрғындары OLX алаяғының арбауына түсіп қалды
Астана тұрғындары OLX алаяғының арбауына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға бес астаналық жүгінді. Олардың екеуі жаңа жыл қарсаңында шырша, ал үшеуі жылыжай сатып алмақ болған. Алайда алаяқтықтың құрбанына айналды. Жәбірленушілердің барлығы 23 жастағы жігіттің әрекетінен зардап шеккен, ол OLX хабарландыру сайтында жалған хабарландыруларды орналастырған.
Осы жылдың қазан айында алаяқ жылыжайды сатқаны үшін қала тұрғынынан алдын ала төлем жасауды сұраған және ақшаны мобильді аударым арқылы алған. Осылайша, ол жәбірленушіні алдап, оның 40 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген. Сатушы жылыжайды қысқа мерзімде жеткізуге ант беріп, бірақ оның уәделері бір айдан астам уақытқа созылған.
Алаяқтың осыған ұқсас айла-амалына, тірі шыршаларды сатып алмақшы болған Атбасар қаласының тұрғыны да түсіп қалған. Жаңа жылдық шыршаларды жеткізу үшін алаяқ 53 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасауды талап еткен. Кейіннен ол телефонын өшіріп, байланысқа шығуды мүлдем тоқтатқан. Қызметті күтпестен жәбірленушілер полицияға жүгінді. Алматы ауданының ПБ полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады